Мусин: Біз eGov-ты Ресейге бермейміз!

1105

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу жоспарланғанын түсіндірді, — деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі.

Бағдат Мусин өз инстаграм парақшасында қазір әлеуметтік желілерде туындаған сұрақтарға түсініктеме беріп, жауап бергім келеді — деп мәлімдеді.

 — Біріншіден, мен ақпараттық вакуумға және бұрын айтылған ақпараттың дұрыс түсіндірілмеуіне байланысты пайда болған мифтерді жойғым келеді. Біз eGov-ты РФ-ға бермейміз! — деп жазды Бағдат Мусин өз Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, министр «қазақстандықтардың барлық деректері Ресейге қолжетімді болады»деген ұранды орынсыз деп атады.

— Неліктен? Біріншіден, Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері көптеген компаниялар шетелдік құрылымда жұмыс істейді, десе де бұл барлық елдер біз туралы мәліметтерді ала алады деген сөз емес. Электрондық үкіметке келетін болсақ, бұл жерде біреу біреуге ақпарат береді деген сұрақтың туындамауы да керек. Жалпы, «eGov.kz» не екенін қысқаша түсіндірейін», — деп жазды Бағдат Мусин.

— eGov — бұл барлық мемлекеттік базалармен құрсым арқылы қосылған «витрина» ғана. Бұл базаларға немесе жүйелерге ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды! Өткен айда басталған талдау қазақстандық мемлекеттік секторда 400 + ақпараттық жүйе бар екенін көрсетті. Бұл  жылжымайтын мүлік мемлекеттік базасы сияқты ірі базалардан бастап, олимпиада жүлдегерлері тіркелген шағын базаларға дейін, деп мәлімдеді министр.

Қазақстанның цифрлық даму министрі атап өткендей, ағымдағы кезеңде біздің міндетіміз —  әртүрлі технологияларда жазылған, кейде бағдарламашы этикасы мен ескірген құжаттамасыз жүздеген жүйелердің орнына, барлық деректер бірыңғай платформада реттелген және түсінікті болатын ондаған жүйелерге өту болып табылады.

— Қазір eGov-ты миллиондаған ескі құрылғылармен салыстыруға болады, олардың орнында біз сапалы заманауи технологиямен жабдықталған платформаны орнатқымыз келеді. Біз халық үшін де, экономика үшін де барынша оң нәтиже алу мақсатында цифрландырудың «құрақталған» моделінен тұтас платформалық моделіне өтетін кез келді, — деді ол.

— IT саласындағы кез келген шешім, әсіресе халықаралық шешім кибер қалқан мен ұйым азаматтарының  мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың ұсынымын ескере отырып қабылданады. Біз Қазақстан тарапы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық қолдауды талап ететін вендор сияқты болуы керек деген талап қойып отырмыз. СБЕР барлық қолжетімділікті бере отырып, барлық компоненттердің бастапқы кодтарын көрсетеді және барлығын Қазақстандағы серверлерге орналастырады деп келістік, — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Бағдат Мусиннің айтуынша, Үкімет меморандумға қол қойды, оның аясында Бағалау құны шамамен 500 миллион долларды құрайтын цифрлық трансформация мүмкіндігі қарастырылуда.

— Бұл не деген сөз? Бұл аталған соманың бір бөлігі жергілікті IT-нарыққа инвестицияланатынын білдіреді. Қазақстандық компаниялар бұл ақшаны платформалық тәсілді енгізу бойынша жұмыс шеңберінде алады. Соманың басқа бөлігі инфрақұрылымдық шешімдерге арналған. Тек үшінші бөлігі — «Сберден» шешімді сатып алу болып табылады», — деп жазды министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бағдат Мусин жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін неге ресейлік «Сбер» компаниялар тобы таңдалғанын түсіндірген еді. 3 қыркүйекте Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделіне және Data Driven Government тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанда Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін «Сбер» компаниялар тобы әзірлеген жаңа цифрлық платформа енгізіледі деп болжануда.

«Адырна» ұлттық порталы