АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

686

Елімізде жастарға мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаулар аз емес. Бұл жөнінде Елбасы биылғы Жолдауында да кеңінен тоқталып, елімізде кәсіптік білімді дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын айта келе, оларды табанды еңбек етуге шақырды. Бүгінде жастардың сапалы білім алуына, өз бизнесін бастауына және жұмысқа орналасуға «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылға арналған жол картасы», «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы»,  «Серпін», «Болашақ» бағдарламалары өз септігін тигізуде.

Осы орайда, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Мобильді топ» Әл-Фараби ауданының жастары мен тұрғындарына орталықтың жұмыстары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.