ЖАСТАРДЫ СПОРТҚА БАУЛУДА «MUSLIM FIT» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ МҮМКІНДІГІ КӨП

606

Жастардың уақытын тиімді пайдалану, жастарды ерікті түрде спортқа баулу мақсатында Шымкент қаласы Қазығұрт мөлтек ауданында, «Muslim fit» спорт кешені ашылған болатын.
«Muslim fit» спорт кешенінің басшысы бокс бапкері Журкаев Ережеп Орынбасарұлының айтуынша қазіргі таңда жастардың қызығушылығы мен сұранысы артып, спорттың 5 түрінен үйірмелер жұмыс жасауда. Атап айтқанда: бокс, дзюдо, тхэквондо, кикбокс және еркін күрес. Әр үйірмеге 20-25 бала қатысуда. Сондай-ақ отбасы жағдайы төмен отбасы балаларына жеңілдіктер қарастырылып, тұл жетім, жартылай жетім балаларға тегін жаттығулар жасалуда екен.

Спорт кешенің негізгі мақсаты алдағы уақытта үйірмелер түрін дамытып, болашақ жеңімпаздарды дайындау.