ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және Шымкент қаласының Полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының» қызметкерлері мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарымен бірлесе отырып қала көшелеріндегі ғимараттарға нашақорлыққа қарсы және АИТВ-инфекциясын алдын-алуға бағытталған ақпараттандыру жарнамалары ілінді.
Ақпараттық жаранамалардың мақсаты азаматтық қоғамның назарын нашақорлықтың адам өміріне өте зиянды мәселердің бірі екенін келешек ұрпаққа жеткізу. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ-ға тексерілуге шақыру.
Қазіргі таңда көптеген психоактивті заттар қабылдау түріне қарамастан, жасөспірімдер арасында АИТВ-мен зақымдалу қауіпі туындап отыр. Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп, тәуекелге жиі апаруда. Мұндай жағдай қоғамда қатты алаңдатушылық туғызып отырғаны белгілі. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады