«Апатты салдары болады». Қытай-Тайвань шиеленісі

829

Тайвань президенті Қытайға «апатты салдар» болатынын айтып, ескерту жасады. Мәлімдеме Бейжің төртін күн бойы Тайвань мемлекетіне әскери сес көрсеткен соң жасалды. Бұл туралы британиялық The Independent газеті хабарлады.

Бұған дейін Тайвань әуе кеңістігіне Қытайдың 56 соғыс ұшағы кірген. Тайбэйдің қорғаныс министрлігі әуе қорғанысы жүйесі кез келген жағдайға дайын тұрғанын мәлімдеді.

Ондаған соғыс ұшақтарының ішінде 12 ядролық «H-6» бомбалаушысының бар екені жарияланды.

Тайваньның премьер-министрі Су Ценг-чанг бүкіл армияға «дайындықта» болу керектігі туралы бұйрық беріп, Бейжіңнің әрекеттері «апатты салдарға» алып келетінін ескертті.