ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

682

Бүгін Жастар ресурстық орталығының Қаратау аудандық бөлімшесі мен Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен Қаратау ауданына қарасты шалғайда орналасқан Қызылсай елді мекенінің жастарына арналған спорттық шара өткізілді.

Мақсаты — шалғай елді мекендегі жастарды саламатты өмір салтына баулу, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағларламар туралы ақпарат беру, орталық жанындағы түрлі үйірмелер жайлы мәлімет тарату.

Шара барысында жасөспірімдер топтарға бөлініп футбол, шахмат ойындарын ойнап, жеңімпаз топтарға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Спорттық шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.