Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед: Үкімет отставкаға кетуі қажет!

1079

Қазақстан үкіметі отставкаға кетуі керек. Бұл туралы Парламент отырысында сенаторлардың бірі айтты. Депутаттардың айтуынша, бұған басты себеп Асқар Мамин басқаратын министрлер кабинетінің азық-түлік бағасының өсуіне жол беріп алғандығы, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Пандемия кезеңі басталғалы бір жарым жылдан кейін журналистерді алғаш рет Парламент ғимаратына кіргізді. Онда депутаттар үш жылға арналған елдің бюджетін талқылады.

Депутаттар азық-түлік бағасының өсуіне қатысты да біраз тартысты. Оларға әсіресе жергілікті көкөніс, ет пен нан секілді өнімдердің бағасының тым өсіп кеткені түсініксіз. Шенеуніктер бұл мәселеге жаһандық инфляцияны кінәләді.


— Бірқатар өңірлерде егін өнімдерінің өсімі төмен болғанын ескерсек, шаруалардың шығыны көп болды, ал бұл өз кезегінде астық құнының өсуіне әкелді. Осы себепті әрине, астық бағасының қымбаттауы, бір жағынан, диқандарымыздың қаржылық жағдайына оң әсерін тигізді. Олардың келесі жылға да дайындалулары қажет қой», — дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев.

Ұзақ уақыт Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, кейін Өзбекстанға оралған Сирожиддин Жораевтың айтуынша, оның елінде азық-түліктің бағасы әлдеқайда төмен. Әсіресе көкөністер. Ал еттің бағасы біздікімен бірдей.

— Еттің бағасы шамамен бірдей. Сиыр еті – 2500, қой еті – 2800, ал тауық еті – 1000 теңге. Алайда Астанадан арзанырақ сатып алуға болады. Себебі, Өзбекстанда көпшілігі мал ұстамайды, сондықтан қымбат, — дейді Сирожиддин Жораев.

Елдегі қазіргі жағдайға қарап, үкімет бұл тапсырманы сәтті орындауда деп айту қиын. Депутаттардың көпшілігі билік партиясының өкілі болып табылатын Сенат та қазіргі министрлер кабинетінің мүмкіндіктеріне күмәнмен қарайды. Парламент қабырғасында тіпті отставка жайында сөз қозғала бастаған.

— Биліктің басты міндеті – азық-түлік бағасын төмендету. Бірақ өндірушілер тарапынан әдейі жасалып жатқан әрекет секілді көрінеді. Егер министрлер кабинеті инфляцияны тоқтата алмаса, оны басқа адамдар істеу керек. Менің ойымша егер билік берілген тапсырманы дұрыс орындай алмаса, онда отставкаға кетуі қажет. Ал әзірге олардың жұмысын 3 деп бағалаймыз, — деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Адырна» ұлттық порталы