Тәртіп — тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы

1483
Шымкент қаласы Әл-Фараби АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция майоры Қонысов Сейтхан Абылайханұлы №121 жалпы орта білім беретін мектепте «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша оқушылар арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында полиция инспекторы оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Сонымен қатар, жиында кәмелетке толмаған тұлғаларға жасалған құқық бұзушылық үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қаралатыны туралы хабардар етілді.