«Бала және отбасы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

1290

2021 жылдың 1-30-қараша аралығында Шымкент қаласының аумағында «Бала және отбасы» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасы Ювеналдық полиция бөлімше қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, жастар көп шоғырланған орындарында және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс-шара аясында кәмелетке толмағандар тұратын қолайсыз отбасыларға, полиция органдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға бару және тұрғын-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстары қамтылуда. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқықтық көмек пен кеңес бере отырып, тұрғындар арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ішкі істер органдары қызметі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.