«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДІНИ СЕРГЕКТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

768
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алдын алу және діни сергектік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш шараға Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Дәлелхан Қоңырбайұлы және Қ.А Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенттері қатысты.
Теолог маман өз кезегінде студенттерге қазіргі әлемде болып жатқан соғыс, бүлік, түсініспеушілік, айыпталулардың негізгі себебі – білімсіздік екенін атап өтті. Өз тәжірибесінде қаншама жат ағымдардың жетегінде кеткен адамдармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында ол адамдардың діни сауатсыз екендігін жеткізді. Сондай–ақ ата-анаға құрмет көрсетудің маңыздылығы дінімізде де, салтымызда да жоғары екенін жастарға түсіндірді.
Сөз соңында студенттер теолог маманға көкейтесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.