«Бала және отбасы» іс шарасы барысында оқушыларға сабақ өткізілді

1219
Шымкент қаласы аумағында «Бала және отбасы» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау. Олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші АПБ-ның кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторы полиция капитаны Д.Усипбаев қаладағы №10 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына «Бала және отбасы» тақырыбында сабақ өткізді. Онда оқушылардың тиісті дәріске толығымен қатысуын және түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында ойынханалар, мешіттер, көңіл көтеретін орындарға рейд жүргізілетіні айтылды. Жасөспірімдердің өз туыстарына айтпай, үйден жыраққа шығып кету жайттарының соңы баланың жоғалуына әкеп соғуда. Осының алдын алу үшін жеткіншектердің отбасы және мектеп ұжымы тиісті деңгейде тәлім-тәрбиелік маңызы мол жұмыстар атқаруы маңызды.
«Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек», — дейді ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері.
Кездесу соңында жасөспірімдер ойда жүрген сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды.
Айта кететін ақпарат, мұндай маңызды жиындар алдағы уақытта да жалғасатын болады