Шымкенттік колледж студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

1132
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері «Мирас» колледжінің 1 және 2-курс студенттеріне құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сұхбат сабағын өткізді.
Бұл кездесу ағымдағы жылдың 1-30-қарашасында өтіп жатқан «Бала және отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылуда. Іс шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.
Сабақ барысында оқушылармен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.