Қытайда коронавирус өршіп кетті

1260

Қытай билігі кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 29 411 адамды анықтады. Бұл – пандемия басталғалы бері ең жоғары көрсеткіш.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ауруды жұқтырғандардың ең көп саны Шанхайда (2 573 адам) және солтүстік-шығыс Цзилинь провинциясында (325 адам) тіркелген.

Қытай Халық Республикасының Гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, кейінгі тәулікте анықталған 3000-нан астам ауру жұқтырған адамда COVID-19 белгілері расталды. Аурудың негізгі белгілері арасында қызба, жөтел, әлсіздік бар.

«Қалған 26 391 адам – аурудың асимптоматикалық тасымалдаушысы. Оның 73-і шетелден келген, 26 318 жағдай республика ішінде тіркелген» дейді Қытай Халық Республикасының гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті.

Abai.kz