БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

742

Бүгінгі референдумның тарихи маңызы ұлт тағдырына қатысты мәселелерді халық талқысына шығару. Бүгінгі күнге дейін қаламыздың барлық аумағында қоғам өкілдері, депутаттар, партия белсенділері халықпен кездесулер өткізіп, саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді.

Конституциялық өзгерістер Президенттің өкілеттігін қысқарту, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту мәселелерін қамтиды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті өкілеттігі кезінде ешбір саяси партияның мүшесі болмауы керек екенін атап көрсетті. Жаңа Конституцияға «Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ» деген тармақ қосылады.
Суперпрезиденттік басқарудан президенттік басқару түріне көшу ұсынылды. Президент тек Сенаттың 10 депутатын белгілеуі, оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындау, Парламентті күшейту мәселелері ұсынылып отыр. Президент облыс, қала және астана әкімдігіне кандидаттарды осы облыстар мен қалалар мәслихаттарының депутаттарымен келісіп тағайындау, Сенат заң қабылдамай, тек Мәжіліс бекіткен заң жобаларын мақұлдау немесе кері қайтару да жаңа түзетулер ішінде.

Бүгінгі күн ел тарихында елеулі оқиғамен ұзаққа сақталмақ. Жерлестеріміз өзінің және ұрпағының болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауларын жасап жатқанына куәміз. Референдум тәртіпке сай өтіп жатқанын, барлық ережелер толық сақталғанын айтқым келеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай бүгінде ел аумағында алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталып кетті.

 

Сәкен Мәжінбеков, Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ проректоры, эксперт