БОЛАШАҚ ҮШІН – ӘРБІРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ!

704

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев еліміздегі саяси реформаларды іске асыруда халықтың талап-тілектері ескеріліп, ел басқару ісінде ашықтық пен жариялылыққа негіз болатын референдумды өткізу туралы бастамасы халық арасынан қолдау тапқаны анық. Партия Төрағасы Е.Қошановтың тапсырмасына орай, республикалық және қалалық деңгейде партия жанынан құрылған референдумды қолдау жөніндегі штаб өз жұмысын нәтижелі көрсетті. Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары, республикалық Саяси Кеңестің мүшесі әрі республикалық штабтың мүшесі ретінде қаламызда жұртшылықпен кездесіп, саяси өзгерістердің болашақтағы тиімділігі туралы түсіндірдім. Барлық кездесулерде халықтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы талап-тілектері де назарға алынып, партия филиалына жолданып отырды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары да әр азаматқа егжей-тегжей түсіндіріп, нақтылап айтып берді. Кездесулер барысында 20-ға жуық страталар қамтылып, сауаладырна да қарапайым тұрғыда түсінікті етіп жеткіздік. Осы еңбегіміздің жемісі ретінде қала тұрғындары өздерінің болашағы үшін референдумға белсене қатысты. Мегаполис қалалардың ішінде қатысуымыз бойынша бірінші орынды иелендік. Бұл жолда айтып кететін болсам, барлық партияластар мен белсенділердің, ардагерлер мен жастардың да қосқан үлесі зор деп есептеймін. Өзім жетекшілік жасайтын «Sairam-Orkeniet» бастауыш партия ұйымы өте ұйымшылдықпен халық арасында насихаттау жұмысын жүргізді. Партия филиалының аппараты барлық жұмыстарды үйлестіріп, партия атынан тағайындалған партия өкілдері референдумның адал әрі таза өтуіне атсалысты. Бұл партияластарымыздың жауапкершілігінің мол екенін аңғартады. Дана халқымызда «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығардық» деген өсиетті сөзі, барлығымыздың бір мүдденің арнасына біріктірді. Береке мен бірлік, ынтымақ еліміздің болашағы екенін қайта сезіндік. Алға қойған мақсаттарға бірлесе жете білеміз. Тұрғындармен жүздесіп, әрбіріне үн қату үлкен қарым-қатынасты қажет ететіні белгілі. Сондықтан осындай жұмыстар барысында жасаған қызметіміздің бағасын алдық. 72 пайыздан астам тұрғындарымыз қатысып, белсенділік танытты. Референдум – Жаңа Қазақстан мен екінші республиканы қалыптастырудың алғышарттары. Халық келешек үшін дауыс берді! Белсенді атсалысып, өзгерістердің келешек үшін дұрыс бағытта екенін түсінді. Референдум өз дәрежесінде адал әрі әділ өтті! Тұрғындардың талап-тілектері назарға алынды! Жаңа Қазақстан үшін әрбіріміз өз үлесімізді қосуымыз тиіс!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары, республикалық штаб мүшесі Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы