ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ӨТУДЕ

877

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қала күні» мерекесіне орай 17 шағынаудандағы Қ.Жандарбеков аллеясында аудан тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі Еңбекші ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаламыздың экономикасы мен әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосқан кәсіпкерлер, көше, үй комитет төрағаларын жиында алғыс хаттармен марапатталды. Ауданнан сайланған мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері және тұрғындар қатысқан мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, «Қала күні» мерекесі қарсаңында «Сайрам» шағынауданы №7,10 көпқабатты үйлер ауласында орнатылған ойын алаңша балалардың игілігіне тапсырылды. «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысқан тұрғындардың ұсынысымен ағымдағы жылы көпқабатты 66 үйдің аулаларын абаттандырумен қатар балалар ойын алаңдарын құру, одан бөлек жеке тұрғын үйлер секторында 7 балалар ойын алаңшаларын құру жоспарланған. Қазіргі таңда 35 көпқабатты үйдің аулаларында жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылға арналған жұмыс жоспарды құру мақсатында қазіргі таңда «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардан ұсыныстар қабылдануда.

Еске сала кетейік, ұсыныстар қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан басталды, 20-маусымда аяқталатын болады, бұл туралы алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдарында және әкімдіктің әлеуметтік желілерінде хабарландырулар жарияланды. Жобаға қатысу бойынша аудан әкімі аппаратының мамандары тұрғындарға әдістемелік көмек көрсетеді,  43-30-40 телефон номеріне хабарласып, қосымша ақпарат алуға болады.

Одан бөлек, «2022 жыл — Балалар жылына» орай Қазығұрт аумағы Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан балалар спорт алаңшасында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бірлесе ұйымдастырумен аумақтағы 6-13 жас балалар арасында спорттық іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау, балаларды спортқа баулу, әр бір ауладан спорт чемпиондарының шығуына үлес қосу. Іс-шарада жүлделі орын алғандарға медальдар, алғыс хаттар және арнайы сый-сыяпаттар табысталды.