СЕНІМ МЕН СЕРПІН СЫЙЛАДЫ

521

Ел үлкен үмітпен күткен Жолдаудағы жаңа серпін халықты ерекше қуантты. Тарихи құжаттың маңызы да, мазмұны да айрықша болғанын әрбір көзіқарақты жан шын сезіп, біліп отыр.

Жолдауда сөз болған саяси дүниелер, атап айтқанда сайлау жүйесі, құқықтық жүйе, ел өңірлерін дамыту мәселелелері көптің көкейінде біраздан бері сансыз сауалдар тудырған көкейкесті өзекті тақырыптар болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауынан жұртшылық сол көп сұрақтың жауабын тапты.

Мемлекет басшысының Президент өкілеттігін айтарлықтай қысқарта отырып, Парламент рөлін арттырудағы шешімі, сонымен қатар Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік билік пен квази-секторларда бола алмайтыны, сайлау заңына енгізілетін өзгерістер — можаритарлық және пропорционалдық сайлау түрі, күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатының басшылыққа алынатыны, Конституциялық соттың қайта құрылатыны – Жаңа Қазақстан келбетін біршама айқындаған тарихи шешімдер болды.

Қажетті саяси реформалар мен ауқымды өзгерістердің бастауы болған Жолдаудың іске асырылуы баршамыз үшін жауапты іс. Мемлекет басшысы да мұны қадап айтты. Жаңа Қазақтанды құру және тәуелсіз Қазақ елін болашақ ұрпаққа амаманаттауда ел болып жұмылып, бірлікте болуымыз тиіс. Сол жолда ел мен ұлт мұратын басты мақсат етіп, баянды болашақ үшін қызмет ету бәрімізідің парызымыз деп білемін.

Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту мүмкін емес екенін баса назарға алды. Өз сөзінде: «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», – деді.

Президент Жолдауында өте ауқымды мәселелерді қозғап, «Мен үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат» дей келе, дала демократиясының бірегей мұрагеріне айналған Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге шақырды.

 

Динара Байғұтова,

ОҚМПУ Қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент