ӘКІМ ТҰРАНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

881
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, халықпен кездесті.
Тұран шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары былтырдан бері қарқынды жүргізілуде.
Жалпы құрылыс барысы 2 кезеңге жобаланған. Бүгінге дейін 86% орындалып, қалған жұмыс қазан айында толық аяқталады. Одан соң абоненттеу жүргізіліп, 3058 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылады.
Бұған қоса 11,6 шқ құрайтын магистралдық кәріз коллекторының құрылысы бітті. Қазіргі таңда ішкі орамдық кәріз жүйесі салынуда, жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Бұдан соң әкім Тұрандағы газ құрылысын тексерді. Екінші кезек бойынша жұмыстың 90% орындалып, қазан айы басталғанша №14-29 кварталда орналасқан көпқабатты және 504 жеке тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылады.
Ал үшінші кезек бойынша, құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Бүгінгі күнге 40% атқарылды.
Жалпы Тұран шағын ауданындағы 2554 тұрғын үйге 2023 жылы газ құбыры толық тартылып бітеді. Жұмыстардың жоспарғай сай және сапалы орындалуын талап еткен қала басшысы жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.