ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

871
Түлкібаста ұлт мақтанышы, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған танымдық конференция мен бірқатар шара өтті. Аталмыш іс-ша «Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық vaqf қоры» қоғамдық қоры жоспарына сай ұйымдастырылған.
Конференцияда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев таныстырып, қазақ руханиятында ұлт қаламгерлерінің ұлы мектебін қалыптастырған тұлғаның даралығына тоқталды. Мерейтойда ғалым, «Абайтанушы» Мекемтас Мырзахметұлы, аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедарасының доценті, ф.ғ.к Темірбай Мұқашев, Түркістан облысы журналистер Одағының төрағасы Ғалымжан Елшібай және өзге де баяндамашылар ой қозғады.
Шара барысында ҚР Ақпарат және даму министрі Д.Қыдырәлі, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай және тағы басқа азаматтардың құттықтау хаттары оқылып, табысталды. Ұйымдастырушылар ғалым Мекемтас Мырзахметұлына шапан жауып, қатысушы ғалымдарға құрмет көрсетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі