«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУҒА ДАЙЫН

1218
Бүгін Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауалды штабының ресми ашылуы өтті. Іс-шарада үгіт-насихат жұмыстарының негізгі бағыттары айқындалды, «Ауыл» партиясы сайлауалды штабының құрамы, бағдарламасы таныстырылды.1234
Штабтың ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, партия белсенділері, Жастар қанатының өкілдері қатысты, сондай-ақ 20 өңірлік штаб қызметкерлері онлайн қосылды.
«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев кіріспе сөзінде саяси науқанның маңыздылығына және үгіт-насихатта назар аударылуы керек негізгі мәселелерге тоқталды. Іс-шарада партияның сайлауалды бағдарламасы – «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне негізделген даму курсы» таныстырылды.
««Ауыл» партиясы ауыл проблемаларын біледі және оларды шешу бойынша нақты көзқарасы бар. Біздің саяси платформамызда жалпы ауылдық аумақтарды және әрбір ауылдық елді мекенді дамытуға, атап айтқанда, олардың экономикасы, әлеуметтік, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымы тәрізді мәселелері өткір тұрған жайттарға маңызды рөл берілген. Біз үшін Ауыл әрқашан басымдық пен құрметке ие! Ауыл төрге шықсын!»,- деді Әли Бектаев.​​​​​
5151
Партия үгіт-насихат жұмыстарымен Қазақстанның барлық өңірін қамтуды жоспарлап отыр. «Ауыл» партиясының сайлауалды штабтары бүгінде еліміздің барлық өңірінде – 165 ауданда, 40 облыстық маңызы бар қалада, 20 облыс орталығында, Шымкент, Алматы және Астана қаласында ашылуда. Қоғамдық штабтар 1,5 мыңға жуық белсенді мен еріктілерді қоса алғанда, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.
Үгіт-насихат жұмыстары 5 мыңға жуық кездесу мен түрлі деңгейдегі іс-шараларды қамтиды, олардың басым бөлігі тікелей ауылдық елді мекендерде өтеді. Қалалық сайлаушылар мен мегаполистердің тұрғындары партия бастамалары мен оның өткір мәселелерді шешудегі көзқарастары туралы жаңа үгіт-насихат құралдары арқылы толық ақпарат алатын болды.
Іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бір мандатты округ бойынша, сондай-ақ облыстар, қалалар мен аудандардың мәслихаттарына кандидаттар сөз сөйледі. Олардың әрқайсысы өз жоспарлары туралы айтып, жалпы табысқа жету үшін күш салуға уәде берді.​Алдағы саяси науқанға «Ауыл» ХДПП партиялық тізім бойынша 25, мажоритарлық жүйе бойынша 8 кандидат ұсынды. Олардың ішінде Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден және Төлеутай Рахымбеков сынды ҚР Президенттігіне кандидат болған елге белгілі үш азамат бар. ​​​Ал, мәслихат депутаттығының сайлауына «Ауыл» партиясынан 500-ден астам өкіл түседі.