Кәріз коллекторын кайта құру жұмыстары жүргізілді

1132

Шымкент қаласындағы Самал-3 шағынауданында диаметрі 2000 миллиметрлі кәріз коллекторын кайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Диаметрі 2 метрді құрайтын ескі коллекторды жаңарту үшін алдымен осындағы жерді тегістеу, дайындау жұмыстары жүргізілді.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында ұзындыгы 3 473 қарышты метрлі коллекторды қайта құру жұмыстары барысында Момышұлы көшесі мен Юсупов көшесі аралығындағы, су төгетін станцияға дейінгі құбыр жаңартылады. Бұл коллектор 1972 жылы салынған, яғни тозығы жеткен.

Ескі құбыр тозған соң су өткізуі төмендейді. Жауын-шашын бола қалса, жаңбыр мен еріген қар суы қаланың кәріз жүйесіне түседі, әсерінен оның тазарту деңгейі төмендеп, ескі коллектор жұмысы нашарлай береді. Нәтижесінде, жер үйлерді су басу қаупі туындайды.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тапсырысымен бұл жұмыстарды «Тұрлан құрылыс» мердігерлік ұйымы атқаруда. 30 жұмысшысы, 2 арнайы техникасы, 4 самосвал, қуатты краны мен 2 тралы бар. Кесте бойынша бұл нысан келесі жылдың күзінде пайдалануга беріледі.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің инвестициялық багдарламасы аясында Шымкентте кәріз коллекторын қайта құру бойынша тағы бір жоба қолға алынған. Ол — қаланың оңтүстік бөлігінде жүргізіледі.

ardak.kz