АҚШ-тың Астанадағы елшісі НАТО-ның Қазақстандағы бітімгерлік операциялар орталығын ашуы Ресейді басқаша сайратты. Енді «НАТО-дан қорғаймыз» деген жаңа тезисін өмірге әкелуге мәжбүр еткенін Ресей елшілінің мына бір құттықтауларынан байқауға болады.
Сонымен, қазақ жері десе, көзі тұманданатын Ресей аяқ астынан бұрынғы жүрісінен жаңылып, «Қазақстанның территориялық тұтастығын қорғауда қолұшын беретінін» мәлімдеді.
Онда: «Қымбатты Қазақстандық достар! Республика күні мерекесіне байланысты жүрекжарды құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Ресей үшін Қазақстан көрші мемлекет қана емес, әрі сауда-экономикалық әріптес те болып табылады. Сіздер бізге сенімді одақтас әрі интеграциялық әріптессіздер, сондықтан Ресей қажет болған шақта тәуелсіздіктеріңіз бен тұтастықтарыңызды қорғауға қашанда дайын», — делінген Ресей елшілігінің хабарламасында.
Елшілік хабарламасында: «Қазақстан мемлекетінің қарыштап дамуын, экономикалық көрсеткіштерінің өсуін, сыртқы саясаттағы тағы басқа салалардағы қол жеткізген табыстарын қуана бақылаймыз. Бұның барлғы да біздің елдердің стратегиялық әріптестіктегі ортақ мүддесіне жауап беріп, аймақтағы және еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылыққа қосылған зор үлес болып табылады.
Қазақстандықтар өз Отанын шын сүйіп, президент Қ-Ж.К.Тоқаев ұстанған бағытқа сәйкес Жаңа Қазақстан құруға бел шеше кіріскенін жақсы білеміз. Туысқан Қазақстан халқына гүлдену, бақ-қуаттылық пен жаңа серпілістерді тілейміз!» — делінген хабарламада.
Орталық Азияны әлемнің айрықша аймағы ретінде алғаш рет 1843 жылы неміс ғалымы Александр фон Гумбольд Батыс үшін бөле-жара айтқан еді. Орталық Азия республикалары мемлекеттік тәуелсіздікке ие бола бастағанда, аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселеге тап болды. Ресей Қырғыз, Тәжік және Өзбекке даулы аймақтар проблемасын сыйға тартты.
Ал, Қазақстанның жері «Коммунистердің сыйы» деген идеологияны Ресей жұртының санасына Путин режимі күн сайын құйып келетін жасырын емес.
НАТО-ны басты қарсыласы санайтын Ресей оның ОА-ға тұмсық сұғуын еш қаламайды. Қазіргі таңда Орталық Азия елдері аумағында НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ әскери күштерінің өзара таяу орналасуы альянс басшылығына тиімді де. НАТО біртіндеп Қытай мен Ресейдің дәстүрлі ықпал ету белдеуіне ене бастағаны жасырын емес. Оның үстіне Украинадағы жағдайдан кейін, Ресей мен Қытай бұл үдеріске қарсы тұра алмайды, себебі әскери қатысу халықаралық нормаларға, терроризммен күрес бағдарламасы және Орталық Азия елдері келісіміне сай жүзеге асырылып жатыр.
Ресей мен Қытай да бұл елдердің НАТО-мен ынтымақтастықсыз заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүмкін еместігін ұғынса да, түсінгісі келмейді. Сол себепті, олардың НАТО-ға деген көзқарасының теріс бағытқа өзгеруі сондықтан.
Бітімгерлік операциялар Орталығында жаңа конференц-залды еліміздегі АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм ашты. Бұл жаңа жоба еліміздегі бітімгерлік күштерді даярлауға өз септігін тигізетін болады.
Mezgil.kz