Митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті — ІІМ

1292
Қазақстанда митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысының кулуарында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
«300-ден аса полиция қызметкері дене жарақатын алды, олардың алтауы қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Бұл үш тәулікте болған жағдай — 9,10,11 маусым…», — деді Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, тәртіп сақшылары арнайы құралдар қолданбаған.

«Президент Бас прокурорға азаматтардың заңсыз ұсталған не дене жарақатын салған деп есептейтін барлық деректер бойынша нұсқау берді… Олар Бас прокуратураға жүгінуге құқылы. Бас прокуратура құқықтық баға береді», — деді Тұрғымбаев.