Жаңа салық кодексінде зейнетақыны көтеру көзделген — вице-премьер

878

Жаңа салық кодексінде зейнетақыны көтеру көзделген. Бұл туралы вице-премьер — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-премьер — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, зейнетақы аударымдары бойынша жеке табыс салығын алып тастап, соның есебінен зейнетақы мөлшерін көтеру жоспарланған.

«Тағы бір ұсынып отырған мәселе — зейнетақы аударымдары бойынша жеке табыс салығын алып тастау. Жеке табыс салығының көлемі 10 пайыз. Сол 10 пайызды біз алып тастаудың есебінен зейнеткердің алатын зейнетақысының мөлшері осы 10 пайызға көтерілетін болады», — деді вице-премьер.