Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ванкувердегі Әлем кубогының кезеңінде үшінші орын алды

388

Қазақстандық шпагашылар Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жүлдеге жету жолында қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасын — 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан — 45:28 есебімен айласын асырды. Алайда, отандастарымыз жартылай финалда Жапонияға қарсы 28:45 есебімен есе жіберді.

Үшінші орын үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан 35:34 есебімен басым түсті. Ал алтын жүлдені финалда Жапонияны жеңген Венгрия командасы иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының намысын Руслан Құрбанов, Элмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай қорғады.