ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

368

Жалпы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Халық қатысатын бюджет» аясында 32 жоба жүзеге асырылады. Биылғы жылы 19 балалар ойын алаңшасы, 13 кешенді алаңша пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда Гагарин 16, Спорт ш/а 3, Отырар ш/а 15, Диваев 142 «Б» мекен жайларында, Рысқұлов даңғылындағы 3-6 көшелерінде балалар ойын алаңшаларының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нысандар межеленген мерзімдерде халық игілігіне беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі