9 шілде күні кәсіби мерекеге орай Шымкент қаласы кәсіподақ орталығының басшылары арнайы барып, «Ынтымақ» салалық кәсіподағының құрамына кіретін «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының еңбек ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Осы күні салада аянбай тер төгіп жүрген 10 қызметкер марапатқа ие болды. Олардың қатарында:
Арнайы «Елеулі еңбегі үшін» «Еңбек даңқы» төсбелгімен марапатталғандар:
1. Таисов Ғалымжан Ғайсарұлы – экскаватор жүргізушісі
2. Бегалы Нұрсұлтан Талғатұлы – канализация бөлімінің слесарі
Алғыс хаттар мен кәсіподақтың құрметіне ие болған үздіктер:
3. Боранбек Хамит Мұратбайұлы – слесарь, 1-бөлімше
4. Абдукасимов Равшан Уралбаевич – дәнекерлеуші, 5-бөлімше
5. Ердесов Нұрғали Мұхтарович – слесарь, 7-бөлімше
6. Юнусов Алишер Шералиевич – слесарь, 3-бөлімше
7. Қырғызов Мухаммеджан Бекжанұлы – дәнекерлеуші
8. Балтабаев Аралбай Орынбекұлы – ППО қызметкері
9. Инкоров Нуриддин Махудаевич – дәнекерлеуші, 4-бөлімше
10. Сатынбеков Талғар Қуанышбекұлы – көлік жүргізушісі, 6-бөлімше
Су саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Саулебеков Орал Қуанышұлы — кәріз жүйесінің тәжірибелі слесарі және Қалықұлов Еркебұлан Мәдәлханұлы — аспаптарды бақылау, өлшеу және автоматика саласының білікті инженері Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Алғыс хатына ие болды.
Бауыржан Әлтеев марапат иелерін құттықтап:
«Су – ел дамуы мен халық саулығы үшін маңызды сала. Бұл кәсіп – көзге көрінбейтін, бірақ өмірдің барлық саласына тікелей әсер ететін еңбек. Бүгінгі марапат – сіздердің адал еңбектеріңіздің лайықты бағасы», – деп атап өтті.
Ұжым тарапынан да ризашылық сөздер айтылып, жұмысшылар кәсіподақтың нақты көмегін сезініп отырғандарын жеткізді. Өз кезегінде төраға ұжыммен тығыз байланыста болатынын және алдағы уақытта да еңбек адамын қолдауға бағытталған жұмыстар жалғасатынын айтты.
Барша сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс пен судай мөп-мөлдір өмір тілейміз!