«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ

31
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, университеттің басқарма мүшесі, стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Салтанатты жиын Өзбекәлі Жәнібеков туралы деректі танымдық фильммен ашылды. Медиаорталық әзірлеген бейнематериал студенттерге тұлғаның өмірі мен еңбегі жайлы мол мағлұмат берді.
Алғашқы құттықтау сөзді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөйлеп, жергілікті әкімдік бөлген 22 білім грантының иегерлеріне сертификаттар табыс етті.
Сөз алған Ербол Байқонысов студенттер мен оқытушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап: «Білім күні – барлығымыз үшін ерекше мереке. Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жетістіктерге бастайтын қадам. Ел дамуы үшін сапалы білім мен жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуы аса маңызды. Сондықтан, бүгінгі жастарымыз білім мен ізденісті басты бағдар етіп, туған елінің дамуына үлес қосады деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді.
Сонымен қатар, ол университетте еңбек етіп жүрген бірқатар «AMANAT» партиясы мүшелерін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай алғыс хаттармен марапаттады.
Мереке барысында университеттің проректоры Баршагүл Исабек ұжымды құттықтап, оқу орнының тарихы, жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Ол бірінші курс студенттеріне «Білім кілтін» салтанатты түрде табыс етті.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, студенттер өнерлерін ортаға салды.