КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСIК» КҮНІ ӨТТІ

1844
ШЖҚ Отырар аудандық орталық ауруханасы  Алғыс айту күніне орай көп балалы аналарға арналған «Ашық есiк» күнін өткізді, деп хабарлайды Ardak.kz.
Ардақты жандарға арналған медициналық және әлеуметтік, психологиялық көмектi  ауруханадағы психолог, невропатолог, педиатр, хирург, кардиолог, эндокринолог,  гастроэнтеролог,  дерматовенеролог,  УДЗ, онколог дәрігерлері мен лаборатория мамандары  жүргізді.  Бір күн ішінде 216 көп балалы анаға көмек көрсетілiп,  кеңестер берілді.  Оның iшiнде,  16 ана жатып ем алу порталына кезекке койылып,  11 ана күндізгі стационар бойынша ем алуға жолданды,  8 ана түрлі алғаш анықталған аурулар бойынша есепке алынды.

Дереккөз:Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі