ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

499
▪️Түркістанда халықты қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Бұл шара жергілікті тұрғындарға сапалы әрі арзан өнімдерді ұсынуға бағытталған.
▪️Жәрмеңкеде өңір кәсіпкерлері белсене қатысып, қала тұрғындарына өз өнімдерін арзан бағаға ұсынуда. Мұндай жәрмеңкелер бағаны тұрақтандыруға және халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындарын азайтуға ықпал етеді.
▪️«Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорының өнімдері нарықтағы бағадан 30–50 пайызға төмен бағада сатылуда. Мұнда ет-сүт өнімдері және күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктер тұрғындарға тікелей өндірушілерден жеткізілуде. Жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өнімдермен қамту, сондай-ақ жергілікті шаруалардың өнімін тұтынушыға тікелей жеткізу», — деді «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева.
▪️Жәрмеңке тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырып, көптеген азаматтар өздеріне қажетті сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алғандарына ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып, 3-қазан күні Сайрам және Отырар ауданы кәсіпкердерінің ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі «Бірлік» секторында ұйымдастырылмақ.