ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫН ЖОЮ МАҚСАТЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

1317

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар Төлеби ауданында өтті. Оған облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Төлеби аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйытқы болды. Сондай-ақ, шараға Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Төлеби ауданының полиция бөлімі атсалысты.

Рейдтік шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан қоғамдық көліктерге қатысты хаттама түзілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің мәжіліс залында автобекет басшылары мен автопарк, такси тасымалдаушы мекемелер, такси жүргізушілері бас қосты. Онда Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігінің мамандары және құзырлы мекеме өкілдері жолаушылар тасымалы бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бірлескен рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі