Қазақстанда 100 мыңнан астам отбасының табысы күнкөріс минимумынан төмен

1653
2018 жылдың IV тоқсанында табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасылардың саны 113,9 мыңды құрады. Бұл жөнінде ТАСС порталы хабарлады. 
Бұл көрсеткіш 2018 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 10% төмендеді.
Кедейлік шегінле тұратын қазақстандықтар саны 678,2 мың адамнан асып кетті, ал 2018 жылдың І тоқсанында ол 745 мың адамды құраған.
Табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың жалпы үлесі 3,7% құрады. Жыл басында бұл үлес 4,1% құраған.
Табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдардың басым бөлігі Түркістан (190,4 мың адам) және Алматы (68 мың адам) облыстарында тұрады.
Сонымен қатар, ШҚО-да бұл көрсеткіш 62,7 мың адамды, Жамбыл облысында – 47,6 мың адамды, Қызылорда облысында – 34,2 мың адамды, Алматыда – 33,3 мың адамды, Маңғыстау облысында – 28,6 мың адамды, Павлодар облысында – 27,3 мың адамды, Қарағанды облысында – 23,6 мың адамды, Қостанай облысында – 23,4 мың адамды құрады.