Шымкентте бизнес-супермаркеті ашылады

1192
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин агро-индустриалды аймақта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков агро-индустриалды аймақ және мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде баяндады.
– Қазіргі таңда агро-индустриалды аймақтың 136 гектар жер учаскесі «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ теңгеріміне рәсімделді. Аталған аймақтың сыртқы инфрақұрылымын (электр энергиясы, су, газ, жылу, кәріз желісі) бірінші жарты жылдықта мемлекет тарапынан жүргізіледі. Яғни инвесторларға инфрақұрылымдары жүргізілген дайын жер учаскелері ұсынылады, — деді басқарма басшысы.
Инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау қарастырылған. Агроөнеркәсіп кешені саласында инвестициялық жобаны жүзеге асыруға алынған несие мөлшерлемесінің 5-10 пайызы субсидияланады.
– Өңірлер әлеуетін пайдалана отырып, «Қарапайым заттар экономикасы» принципімен, яғни ішкі нарықты қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерімен, азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар дайын өнім Ресей, Еуропа елдеріне экспортталмақ, — деді Данат Есболұлы.
Дереккөз:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ