Президент сайлауы: кандидаттардың аты-жөні бюллетенде қандай ретпен жазылады?

1189
9 маусымда өтетін президент сайлауына 12 067 475 бюллетень дайындалады
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына қажетті бюллетендердің саны мен мәтінін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кандидаттар сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып енгізіледі.
Осыған сәйкес, кандидаттар бюллетенде мынадай тәртіппен көрсетіледі:
  • Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы;
  • Еспаева Дания Мәдиқызы;
  • Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы;
  • Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы;
  • Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы;
  • Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы;
  • Түгел Сәді-Бек.
Әкімдіктер әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін сайлау комиссияларына дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 20 мамырда берген.
«Осы тізімдерге сай сайлаушылардың жалпы саны 11 947 995 адамды құрады. «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 37-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау бюллетеньдері сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервімен сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады. Осыған байланысты 12 067 475 сайлау бюллетенін дайындау қажет», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина.
Оның айтуынша, бір бюллетенді дайындау құны – 11 теңге. Сонда 12 067 475 бюллетенді дайындау үшін 132 миллион 742 мың 225 теңге жұмсалады.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетендерін дайындайтын типографияны анықтап та қойды.
 Избирательные бюллетени представили в Центризбиркоме Казахстана
Сайлау бюллетені
Сондай-ақ, бюллетендерді қолдан жасаудан және тиісінше оларды бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сайлау бюллетендерінің қорғалу дәрежесі белгіленді.
Сайлау бюллетендері облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сайлау комиссияларына үш күннен, яғни 6 маусымнан ерте емес және сайлауға дейін бір күннен, яғни 8 маусымнан кешіктірмей жеткізілуі тиіс.