Түркістанда табылған сүйектер қайта жерленеді

1081
Түркістанда құрылыс жұмыстары кезінде табылған мәйітті қайта жерлейтін болды. Бұл туралы профессор, тарихшы Хазіретәлі Тұрсын баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Тарихшы кесененің төңірегіндегі сүйектердің шығуын бірнеше деректермен келтірді.
Біріншіден, ол Әмір Темірдің кезіндегі шайқастан қаза болғандар мен Түркістан қаласының полковник Веревкиннің отрядынан қорғану кезінде атылғандардың мәйіті болуы мүмкін. Сонымен қатар, ашаршылық заманда көз жұмғандардың бейіті деген дерек те бар. Мамандар адам қаңқалардың шығуын олардың арнайы жерленбей, бетін жаба салуымен байланыстырып отыр.
Айта кету керек, шариғат бойынша адамның бейітіне 40 жыл өткеннен кейін ғана мазарат сүріліп, орнына құрылыс жұмыстарын жүргізуге болады. Сонымен қатар, мәйітті ақ матаға орап, басқа жерге қайта жерлейді.
Дереккөз:otyrar.kz