Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысына Түркістандағы құрылыс жұмыстары туралы баяндады

1151
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан қаласындағы құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі нысандарын салу барысы жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.