Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабарлайды Ақорда.
«Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын» — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін сенат Мәсімовті ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берген.