Арыстық 31 адам дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілді

1824
Арыста орын алған апаттан 31 адам әртүрлі дене жарақаттармен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілді.
Олардың басым бөлігі Облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200 — ден астам науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын.
Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды. Мамандар да жедел жәрдем көліктері де облыс бойынша жеткілікті. Зардап шеккендер саны артуда.
Дереккөз:otyrar.kz