ТҮРКІСТАН: ​«Кентау полиметалл» мыс-алтын аралас концентратын өндіретін зауыт ашылды

1579
Зауыт Кентау қаласының 64 жылдығына орай салнататты лентасы қиылды.
Кентау қаласының 64 жылдығына орай «Кентау полиметалл» ЖШС-нің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Кентау полиметалл» ЖШС -нің ашылу салтанатымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «Кентау полиметалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дмитрий Копченко кәсіпорынның ашылуымен құттықтады. Ардагер кеншілер Қамбар Сейітжанов пен Шерхан Абилов ашылғалы тұрған кәсіпорынның маңыздылығына тоқталып, ашылу сатланатымен құттықтай отырып ізгі тілектерін білдірді. Содан соң Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы, Кентау қаласының әкімі Даурен Мақажанов, ардагер кенші Шерхан Абилов, «Кентау полиметалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дмитрий Копченко кәсіпорынның лентасын қиып, іске қосу тетігін басты.
Әрмен қарай құрметті қонақтар кәсіпорынның жәй-күйімен танысып, аралап шықты. «Кентау полиметалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кәсіпорынның шетелдік үлесі 100 % серіктестіктің жалғыз қатысушысы — «Хоргос Джункей Трейд» ЖШС, 08.12.2016 жылы сатып алынған. Жобаның атауы түсті металдар кендерін байыту учаскесі. Жобаның мақсаты бос тұрған өнеркәсіп объектілерін орнында түсті металдар кендерін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
Кентау қаласының әкімдігі, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы және инвестициялық компания арасында 2 170 000 000 теңге сомасына инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы үш жақты меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумға инвестор тарапынан жобаны уақытылы іске асыру бойынша ақпараттық және консультациялық қолдау, сондай-ақ, ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс орындарын құру кірген болатын.