Алматыда коронавирус жұқтырған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

418
Алматы қаласының полициясы азаматтардың короновирус инфекциясын анықтау бойынша қалалық қызметтерге көмектесіп, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауын сұрады
Алматыда әйел коронавирус жұқтырғаннан кейін кімдермен араласқанын жасырып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.
«Азамат санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, ауру жұқтырғаннан кейін қарым-қатынаста болған азаматтардың мәліметін беруден мақсатты түрде бас тартып отыр», — делінген ақпаратта.
Оған қатысты қылмыстық кодекстің 304-бабы (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс қозғалды.
Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы болып жатқан жағдайды ескере отырып, азаматтарды короновирус инфекциясын анықтау бойынша қалалық қызметтерге көмек көрсетуге, сондай-ақ алдын алу шаралары бойынша барынша көмектесіп, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.
Коронавирус Қазақстанға жетті
Қазақстанда жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 8 адамға жетті. Оның алтауы – Алматыда, екеуі –  Нұр-Сұлтанда тіркелген.
Тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір айға төтенше жағдай режимін енгізіп, үкіметке тапсырма берді. Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр және көрмелердің жұмысы уақытша тоқтатылды.