Түркістан: Киелң өңірде «Protecting Business and Investments» жобасы іске асуда

1464
Кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау және жұмыс жүргізуге жан –жақты қолдау көрсету мақсатында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсе аясында «Рrotecting business and investments» жобасы жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 23–ші маусымында ҚР Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан өнеркәсіп орындары мен ірі сауда орталықтарының жалпы сомасы 2 млрд. 845 млн теңгені құрайтын 5 бизнес субъектісі сүймелдеуге алынды.
Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік беріледі.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қауіпінен қорғауды арттыра түсу керектігін атап өткен болатын.
Осыған орай, алдағы уақытта өңіріміздегі барлық инвесторлар мен отандық кәсіпкерлерімізді «Protecting Business and Investments» жобасы аясында келісімшартқа отыруға шақырамыз!