ДӘСТҮРЛІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА

1691
Шымкентте Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгінгі жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілерімен қатар, Түркістан облысының Қазығұрт және Келес аудандарының тауар өндірушілері өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. 60-тан астам тауар өндірушілер мұнда жалпы құны 108 млн. теңгені құрайтын 73 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін қала тұрғындарына ұсынып отыр.
Аталмыш өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға дейін арзан саудаланды.
Көкөніске бай өлке мен таулы аймақтың  өнімдерімен  қала әкімі Ерлан Айтаханов аталған аудан әкімдерімен бірге аралап, танысып шықты. Ерлан Қуанышұлы қаладағы жауапты мамандарға жәрмеңкедегі бағаның тұрақты болуын қадағалауды қатаң тапсырды.
Түркістан облысының екі ауданы шымкенттіктерге ет, сүт өнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын және қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге келген тұрғындар ауданнан келген өнерпаздардың ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ