Еліміздің қай өңірінде жоғары білім алу қымбат?

253
Сақтандыру компаниясының мәліметінше, ең арзан жоғары білім Шымкент пен Түркістан облысында.
Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары ашық дереккөздерден және қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алынған деректерді талдап, бакалавриаттағы бір жылғы оқу құны бойынша республика аймақтарының рейтингін құрастырды. Компанияның мәліметінше, елімізде барлығы 124 жоғары оқу орны жұмыс істейді.
Қазақстандық университет бакалавриатында оқудың бір жылдағы құны орташа есеппен 396 307 теңге болады. Тиісінше бакалавриаттың төрт жылына 1 585 228 теңге төлеу қажет болады. Көптеген қазақстандық үшін бұл соманы жинау қиынға түседі. Оның үстіне, жоғары білім жыл сайын 10-15%-ға қымбаттап отыратынын ескеру керек, – дейді Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Компания жасаған талдау нәтижелері бойынша ең қымбат жоғары білім Алматыдағы оқу орындарында: мұнда бакалавриаттағы бір жылдық оқудың орташа құны студентке 671 397 теңгеден келеді. Ол төрт жылда 2 685 588 теңге төлеуге мәжбүр. Алматыға еліміздегі барлық жоғары оқу орнының 33%-ы тиесілі, сондықтан құн айырмасы өте үлкен және жылына 205 000 теңгеден бастап 2 157 000 теңгеге дейін түрленеді.
Рейтингте Алматыдан кейін Алматы облысы мен Астана тұр. Алматы облысында бакалавриаттағы бір жылдық оқу орташа есеппен алғанда 542 216 теңге, Астанада 532 384 теңге болады. Оқудың бір жылдағы ең жоғарғы құны Алматы облысында 1 250 000 теңге және Астанада 1 000 000 теңге.
Рейтингте олардың соңынан Ақтөбе облысы (жылына 484 333 теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (жылына 450 000 теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (жылына 444 114 теңге) ілеседі. Қазақстанның барлық аймағы бойынша мәлімет төмендегі кестеде келтірілген.
Жоғары білім ақысы бойынша Қазақстан өңірлерінің рейтингі
(2018/2019 оқу жылы, бакалавриат, күндізгі бөлімдегі 1 жыл)
Аймақтар
Бір жылдағы оқудың орташа құны, теңге
Бір жылдағы оқудың ең жоғарғы құны, теңге
Бір жылдағы оқудың ең төменгі құны, теңге
1
Алматы
671 397
2 157 000
205 500
2
Алматы облысы
542 216
1 250 000
390 000
3
Астана
532 384
1 000 000
340 000
4
Ақтөбе облысы
484 333
750 000
343 000
5
Солтүстік Қазақстан облысы
450 000
635 800
370 000
6
Шығыс Қазақстан облысы
444 114
700 000
342 900
7
Ақмола облысы
399 650
635 800
342 900
8
Атырау облысы
361 667
395 000
340 000
9
Павлодар облысы
341 600
464 000
342 900
10
Маңғыстау облысы
335 000
400 000
290 000
11
Қарағанды облысы
332 079
443 300
280 000
12
Жамбыл облысы
307 000
350 000
291 000
13
Батыс Қазақстан облысы
301 250
380 000
320 000
14
Қостанай облысы
286 629
443 300
188 403
15
Қызылорда облысы
276 667
390 000
250 000
16
Шымкент және Түркістан облысы
274 933
700 000
150 000
Ақпарат: ашық дереккөздерден және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алынған мәлімет.
Орындаған: Freedom Finance Life компаниясы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарына 163 336 адам оқуға түскен. Барлық студент саны былтыр 542 258 болды. Талапкерлер арасындағы ең танымал мамандықтар – халықаралық құқық, қаржы, экономика және құқықтану. Алайда соңғы бірнеше жылда ақпараттық технологиялар саласымен, бағдарламалаумен, деректерді талдаумен, робот техникасымен, генетикамен байланысты мамандықтарға сұраныс артты.
Дереккөз:baribar.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз