Роналдиньоның түрмедегі суреті пайда болды

96
Журналист Эрнан Родригес Парагвай түрмесінде жатқан Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналдиньоның суретін жариялады, — деп хабарлайды Vesti.kz.
39 жастағы Роналдиньо алты ай бойы түрмеге тоғытылы мүмкін. Парагвай билігі осылайша футболшының қашып кетуі мүмкін қауіпі болғандықтан, осындай шара қолданған.

Айта кетейік, Роналдиньо мен оның ағасы Роберто Парагвайға 4 наурызда келген. Бразилиялықтарды қонақ үйде тінту шараларынан кейін ұстаған. Құқық қорғау органдары «Барселона» экс-ойыншысы мен оның ағасының атына берілген жалған төлқұжаттарды тапқан.
2018 жылы бразилиялық салық төлемегені үшін шетелдік төлқұжаттан айырылды. Роналдиньо сондай-ақ оның отбасы үйі орналасқан көлдің жағасында пирс салу кезінде табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 8,5 миллион риал (2,2 миллион доллардан аса) көлемінде айыппұл тағайындады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз