Шымкент қаласының прокуратурасы 6 айды қорытындылады

1844
Шымкент қаласының прокуратурасында 2019 жылдың алты айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау және алдағы кезеңге міндеттерді айқындау бойынша алқа мәжілісі өтті.
Жиынды ашқан қала прокуроры Мақсат Аманқұлұлы өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстың нәтижелеріне тоқталып, 1-жартыжылдықта қала аумағында криминогендік ахуалдың 15,4%-ға (9089/7880) төмендеуімен сипатталатынын атап өтті.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың (39-дан 23-ке), олардың өздерімен жасалған қылмыстың (123-тен 94-ке) төмендеуіне қол жеткізілген. Қылмыстық қудалау органдарымен заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартудың орын алған 10 фактісі прокуратураның араласуымен жойылған.
Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында қала прокурорлары 36 тексеру мен 78 талдау жұмыстырын жүргізіп, заңбұзушылықтарды жою жөнінде 130 ұсыну, 6 наразылық, 1 талап арыз даярланған.
Нәтижесінде 434 мың тұлғаның құқықтары қорғалып, 1,5 мың тұлға тәртіптік, 70 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Мемлекет пайдасына жалпы 5,3 млрд. теңге өндірілген.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытқаны үшін 4428 мұғалімнің жалақысына қосымша 60,3 млн. теңге өндірілген. Прокурор актілері негізінде 230 мың комуналдық қызмет тұтынушыларының құқықтары қорғалған.
Игерілмеген 2,5 мың (14 500 га) жер учаскелері анықталып, ықпал ету актілері негізінде мемлекет меншігіне кадастрлық құны 4,8 млрд. теңге тұратын 1,5 мың (1 000 га) жер қайтарылды және 630 (5973 га) жердің игерілуі басталды.
728 еңбекке қабілетті сотталғандардың 89%-ы немесе 609-ы ақылы жұмыспен қамтылған.
Мәжіліс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге жаңа бағыттар мен міндеттер айқындалды.
Шымкент қаласының прокуратурасы