Шымкентте карантин кезінде тойханада 300 адамға арналған жиын ұйымдастырылған

170

Шымкентте тойхана есігін жауып, 300 адамға жиын ұйымдастырғандар анықталды.

Карантин талаптарына бағынбағандардың ісі Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың барысында әшкере болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жиделі Байсын көшесінің бойында орналасқан «Гранд Сұлтан» тойханасының үш бірдей залында той-жиын ұйымдастырылғаны белгілі болды. Құрамында полицейлер мен аудандық әкімдік өкілдері бар мобильді топ өкілдері келгенде ғимараттың есігі жабық тұрған. Алайда бұл кезде нысанның үш бірдей үлкен залында дүбірлі той болып жатқан музыканың дауысынан анық анғарылып тұрған еді. Құзырлы орган қызметкерлері ақыры тойхана есігін ашып, қонақтарды тарқатты. Ал, карантин талаптарын өрескел бұзған тойхана иесінен түсініктеме алынды.

«Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 бөлігімен шара қолдану үшін тиісті органға іс-құжаттар жолданды» делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз