«Тоқаев президенттікке келетінін 2013 жылы білген…»

1081
Белгілі саясаттанушы Ербол Еділов ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтатып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың уақытша президент қызметін атқарушы болып тағайындалуына қатысты пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kzақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Тоқаевтың мойнына мұндай жауапкершіліктің артылуы тосыннан қабылданған шешім емес.
«Бұл күтпеген тосын сый болған жоқ. Бірақ, мұны дұрыс қабылдау керек. Ендігі басты сұрақ: «Ары қарай не болмақ?»
Біріншіден, Назарбаев президенттік постан кеткенімен, биліктен кетпегенін түсінуіміз қажет. Елбасы өз өкілеттілігін тоқтатқан сәттен бастап «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы» туралы заң күшіне еніп, Конституцияға біршама түзетулер енгізіледі. Сондай-ақ, ең алдымен – «Қауіпсіздік кеңесі» туралы жаңа заң.
Естеріңізге сала кетейін, заңды тұрғыдан «Елбасы» және «Ұлт көшбасшысы» терминдері тек қазір – Президент өкілеттілігін тоқтатқан сәттен бастап өзекті болып табылады. Бұл уақытқа дейін мұндай терминдер оның қызметінде қолданылатын «сөз» ретінде ғана болды. Бұдан бөлек, тұңғыш Президент Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қала береді, ал бұл – өте маңызды.
Заң бойынша, Елбасы қызметі кең құзыретке ие. Редакцияланған заңда Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы лауазымы кейбір параметрлер бойынша елдегі екінші президентке қарағанда «мықтырақ» болып келеді.
Қазір елдің бәріне қызық болып отырған – Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай адам екендігі. Оның Президент қызметін уақытша атқарушы болып тағайындалуы жаңалық болғанымен, сенсация емес. Жоспар бойынша, Тоқаев осы қызметке келуі үшін Сенат спикері қызметіне тағайындалған болатын. Қазіргі жағдайы 2013 жылдың күзінде – Тоқаев Сенатты басқаруға келгеннен бастап белгілі болған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев сол жылы екінші рет Сенат төрағасы қызметіне сайланғанын ұмытпауымыз керек.
Алғаш рет ол 2007 жылдың қаңтар айында Жоғарғы палата спикері болып тағайындалған еді. Бірақ бұл жайында кейінірек айтамыз.