Түркістан облысында 6 тоннадан астам есірткі тәркіленді

367
Түркістан облысының Полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір жылда заңсыз есірткі айналымына қатысты 163 қылмысты ашып,  200-ден аса қылмыстық құқықбұзушылықты анықтады. Өңірде заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары  жедел-іздестіру шараларының барысында есірткі сатудың 66 оқиғасын анықтаған. Есірткі контрабандасының 25 жайтына қатысты қылмыстық іс қозғап, 50-ден астам есірткі өсіру алқаптары жойылды.
«Төлеби АПБ-нің қызметкерелері  есірткі сатумен айналысқан деген күдікпен ауданның 44 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктінің марихуананы сату мен сақтаумен айналысқандығы анықталған.  Аталмыш жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 297 «Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша СДТБТ-ге тіркеуге алынды. Бүгінгі таңда соттың үкімімен 44 жастағы сотталушы 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз