«Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің бұрынғы бас директоры тұтқындалды

927
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық паркі» РММ-нің бұрынғы бас директоры алаяқтық фактісімен ұсталды, деп хабарлайды Elitar.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жоғары тұрған басшыға ақшаны беру сылтауымен өз орынбасарларынан 460 мың теңге және 800 доллар көлемінде ақша алды деп күдіктенеді», — делінген хабарламада.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Олардың кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот шығарады.