Халыққа етене жақын болу — Шүкеев жаңа қызметі жайлы

1443
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Президенттің ауылдарды қолдау мақсатында берген тапсырмасына қуанышты екенін мәлімдеді, себебі ол басқаратын өңірдің көп бөлігі ауылдық жерлер, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  «Біз әр отбасының қалай күн көріп отырғанын білуіміз керек және бұл қолдан келер іс. Түркістан облысының көп бөлігі — ауылдық жерлер. Ауылдық округте әкім әр тұрғынын білуі тиіс — қалай өмір сүреді және неге мұқтаж. Мекенжай бойынша әлеуметтік көмекпен ғана отырмай, жай ғана көмек көрсету керек. Менің ойымша, бұл барлығына түсінікті жұмыс, халыққа жақын болу», — деді Шүкеев өзінің тағайындалуы жайлы.
Әсіресе ол Президенттің мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлердің жалақысы, көп балалы отбасыларды қолдау және ауылдық жерлер мен жергілікті жолдарды дамытуға қаражат бөлу саласындағы тапсырмаларын атап өтті.
«Бұл әрбір отбасының айтатыны. Орасан зор қаражат бөлініп жатыр. Мен мұндай соманың бөлінгенін бұрын соңды көрген емеспін — екі триллион теңгеден асады. Егер сіз қазір облыстар, аймақтар бойынша бөлсеңіз, өте қомақты сома шығады. Көптеген іс атқаруға болады. Мен бұл тәжірибені білемін. Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында әр ауданға 200 миллион теңге бөлдік. Осы 200 миллионға ауылда көп іс тындыруға болады — ауруханалар, жолдар, спорт сарайы — бәрін жасауға болады», — деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, 27 ақпанда Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін ол премьер-министрдің бірінші орынбасары, ауылшаруашылық министрі қызметтерін атқарды.
  Бұрындары ол Қостанай облысы, Астана қаласы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі болды.